22.05.2023ж. "Бестемше" ұлттық ойыны
22.05.2023ж "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының әдіскері Б. Макубаева "Ботақан" ересек тобында "Бестемше" ұлттық зияткерлік ойынын өткізді. Бұл ойын баланың логикалық ой-өрісін дамытуға, шапшаңдық пен ептілікке және ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Мақсаты: Әлем мәдениетінің озық үлгілері мен бой теңестіре алатын рухани ойын, қисынды ойлау өнерін ойнату арқылы баланың арифметикалық қабілетін ашып, зердесін шыңдауға мүмкіндік беру. Осы арқылы Бестемше ұлттық ойынын балабақша тәжірибесінде қолдану.