"Әжемнің ертегісі" атты танымдық сағаты
Абай ауылы, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Әжемнің ертегілеріне саяхат» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Әжелер ертегісі арқылы баланың қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, мейірімділікке, адамгершілік, елжандылыққа тәрбиелеу.