"Аяулы ана, инабатты қыз!" атты аналар сайысы
"Айгөлек" бөбекжай- бақшасында 8-Наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай "Аяулы ана, инабатты қыз!" атты аналар сайысы өткізілді. Мақсаты: Ана мен қыз бала арасында бір-біріне мейірімділік, сүйіспеншілік, сенімділікті нығайту. Аналар сайыста қыздарымен бірге өнер көрсетіп , өз қолдарымен бұйымдар жасап , түрлі сән үлгісін көрсетіп таң қалдырды, балалар ән айтып, би биледі. Байқау соңында жеңімпаздар марапатталды.