03
март
2022
№3 Педагогикалық кеңес отырысы
"Айгөлек" бөбекжай-бақшасында "Көркем шығармалар қойылымдары мен интеллектуалдық ойындар арқылы баланың сөйлеу тiлiн, қарым-қатынас мәдениетiн дамыту және логикалық ойлау қабiлетiн арттыру" тақырыбында педагогикалық кеңес өткiзiлдi. Педкеңес барысында тәрбиешiлер "Дидактикалық ойындар - мектеп жасына дейiнгi балаларды интеллектуалды дамыту құралы " атты баядама оқып,"Ойнай жүрiп ойлайық " озық iс - тәжiрибесiнде лепбук кiтаптарынан көрме ұйымдастырды. Әдiскер: Б. Макубаева