Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бейбіт күн жасасын! " атты ертеңгілігі
06
май
2025
"Бейбіт күн жасасын! " атты ертеңгілігі
9-мамыр Жеңіс күнінің  80 жылдығына орай "Ботақан"  ересек тобында "Бейбіт күн жасасын! " атты іс - шара өткізілді.  Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбиешілері: Жаманбалаева З., Ажимова Ұ. 
«Достығымыз жарасқан» атты ертеңгілігі
29
апрель
2025
«Достығымыз жарасқан» атты ертеңгілігі
1-мамыр халықаралық ынтымақ күніне орай "Қарлығаш" ортаңғы тобында «Достығымыз жарасқан» атты іс-шара өткізілді.  Іс -шарада балалар  ұлт бірлігі, достық, бейбітшілік туралы толық мағлұмат алды. Балалар әртүрлі ұлттардың билерін билеп, әндерін,тақпақтарын айтты. Мереке өте қызықты және тартымды өтті. Тәрбиешілері: Умирзакова Р. Жолдасова Қ. 
"Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы" атты  ертеңгілігі
04
апрель
2025
"Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы" атты ертеңгілігі
"Айгөлек" бөбекжай- бақшасында "Ботақан" ересек тобында "Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы" атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Балаларға мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Жұмбақтарды шешу арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ халқының ауыз әдебиетін құрметтеуге баулу.Тәрбиешілер: Жаманбалаева З.Ажимова Ұ.   https://www.facebook.com/share/r/12GkHmVmdTM/
"Жыл басы -Наурыз!" мерекелік іс-шара
20
март
2025
"Жыл басы -Наурыз!" мерекелік іс-шара
20-наурыз күні "Ботақан" ересек тобында "Жыл басы - Наурыз! "  атты ертеңгілігі өткізілді. Іс - шара барысында  бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетіп, би билеп, ән айтып, “Қыз қуу”, "Теңге ілу”  ұлттық ойындары ойнатылды.  Тәрбиешілер: Жаманбалаева З. Ажимова Ұ.   https://www.facebook.com/share/r/18f84AB9rL/
"Қош келдің, Әз Наурыз! " ертеңгілігі.
20
март
2025
"Қош келдің, Әз Наурыз! " ертеңгілігі.
19.03.2025ж. "Қарлығаш" ортаңғы тобында  22 Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру https://www.facebook.com/share/r/1C6377Yuiw/
"Қош келдің, әзі Наурыз!" атты ертеңгілігі
20
март
2025
"Қош келдің, әзі Наурыз!" атты ертеңгілігі
19.03.2025ж. "Балапан" кіші тобында "Қош келдің, Әз Наурыз!" атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты:Балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Тәрбиешілер: Скакова Л, Быжыбаева Н.\
"Аяулы ана, инабатты қыз!" атты аналар сайысы
06
март
2025
"Аяулы ана, инабатты қыз!" атты аналар сайысы
"Айгөлек"  бөбекжай- бақшасында 8-Наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай "Аяулы ана, инабатты қыз!" атты аналар сайысы өткізілді. Мақсаты: Ана мен қыз бала арасында бір-біріне мейірімділік, сүйіспеншілік, сенімділікті нығайту. Аналар сайыста қыздарымен бірге өнер көрсетіп , өз қолдарымен бұйымдар жасап , түрлі сән үлгісін көрсетіп таң қалдырды, балалар ән айтып, би биледі. Байқау соңында жеңімпаздар марапатталды.
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңілігі
27
декабрь
2024
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңілігі
27.12.2024ж. "Ботақан" ересек тобында “Қош келдің, Жаңа жыл!” атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Шара барысында балалар әсем киініп, көңілді әндер шырқап, әдемі билер орындалды. Ертеңгілікке арнайы қонақтар – Ертегі кейіпкерлері,  Аяз Ата мен Ақшақар келіп, балалардың өнерін тамашалады. Мереке соңында бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Тәрбиешілер: Жаманбалаева З. Ажимова Ұ. Музыка жетекшісі: Белгібаев М.
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілігі
26
декабрь
2024
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілігі
26.12.2024ж. "Қарлығаш" ортаңғы, "Балапан” кіші тобында “Қош келдің, Жаңа жыл!” атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.  Мақсаты: Балаларды қонақжайлылыққа үйрету, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Шара барысында балалар әсем киініп, көңілді әндер шырқап, әдемі билер орындалды. Ертеңгілікке арнайы қонақтар – ертегі кейіпкерлері, Жаңа жыл, Аяз Ата мен Ақшақар келіп, балалардың өнерін тамашалады. Мереке соңында бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Тәрбиешілер: Жолдасова
25 Қазан - Республика күні орай "Менің елім-Мәңгілік ел!" атты мерекелік іс-шара
24
октябрь
2024
25 Қазан - Республика күні орай "Менің елім-Мәңгілік ел!" атты
"Айгөлек" бөбекжай-бақшасының "Ботақан" ересек тобында 25 Қазан-Республика күніне орай "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында балаларға патриоттық тәрбие беру және отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында "Менің елім-Мәңгілік ел!"   атты мерекелік іс-шара өткізілді. Тәрбиешілері: Ажимова Ұ., Жаманбалаева З.