"Бағдаршам күні" атты ойын -сауық
29.06.2023 ж.Балабақшамызда жазғы сауықтыру шараларының жоспарына сәйкес, бағдаршам күніне орай ойын- сауық ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыруды жалғастыру, бағдаршам туралы білімдерін кеңейту. Оларды есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Ойын сауыққа барлық "Қарлығаш" ортаңғы "Ботақан" ересек топ бүлдіршіндері қатысты.