Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бағдаршам күні" атты ойын -сауық
29
июнь
2023

"Бағдаршам күні" атты ойын -сауық

29.06.2023 ж.Балабақшамызда жазғы сауықтыру шараларының жоспарына сәйкес,   бағдаршам  күніне  орай  ойын- сауық ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыруды жалғастыру, бағдаршам туралы білімдерін кеңейту. Оларды есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Ойын сауыққа барлық "Қарлығаш" ортаңғы "Ботақан" ересек топ бүлдіршіндері қатысты. Мерекеге бағдаршам келіп, балалармен жол ережесі мен қауіпсіздігі, бағдаршам туралы айтып, балалардың білімдерін қызықты ойындар арқылы тексерді. Сонымен қатар балаларға «Бағдаршам белгілері», «Болама, болмайма?» сөздік ойыны, т.б. жол ережелеріне байланысты  ойындар өткізді.
Мереке соңында барлық балалар көңілді би биледі.