Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай өткізілген "Анашым, ана жаным!" ертеңгілігі
07
март
2023

8 наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай өткізілген "Анашым, ана жаным!" ертеңгілігі

"Айгөлек" бөбекжай-бақшасында  8-наурыз мерекесіне арналған "Анашым, ана жаным !" атты ертеңгілік өтті.
    6-7 наурыз аралығында біздің балабақшамызда аналар күніне арналған мерекелік шара барлық топтарда аталып өтті. Әдемі әндер, көңілді билер,қызықты ойындар арқылы балалар өздерінің аналарына,әжелеріне деген махаббаттарын көңілдерін жеткізді. Өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына табыс етті.Осындай мерекелердің арқасында балалар ата-аналарын қадір тұтуды,құрметтеуді үйренеді. Көктем мерекесі өзімен бірге керемет көңіл-күйін, әйел бақытын ала келді. Бұл күнді барлығымыз балалар үшінде, ата-аналар үшінде ерекше әрі көңілді өткізуге тырыстық. Мерекеге келгендерге көктемнің жылы шуақтарымен бірге жақсы көңіл-күй сыйлады. Мерекеге арналған ертеңгіліктер жоғарғы деңгейде өтіп, бөбекжай-бақша меңгерушісі И.К. Абдикулова  және ата аналар осы ертеңгілікті дайындаған балабақша ұжымына, тәрбиешілерге алғыстарын білдірді.