28.12.2022ж. "Балапан" кіші тобы "Қош келдің, Жаңа жыл! " ертеңгілігі
2022 жылдың 28 желтоқсан күндері «Айгөлек » бөбекжай-бақшасында «Балапан» кіші тобында Жаңа жыл мерекесіне орай «Қош келдің , Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға жаттықтыру.
Іс- шара барысы:
Мерекелік ертеңгілікке Аяз ата мен Ақшақар жəне ертегі кейіпкерлері келіп, бүлдіршіндерді құттықтады. Балабақша меңгерушісі мерекелік шараға жиналған бүлдіршіндерді жəне олардың ата-аналарын келе жатқан Жаңа 2023 жылмен құттықтады.
28.12.2022ж. «Балапан » кіші тобының бүлдіршіндері «Шырша» әні, «Шыршаға бардық» әндерін тамаша орындап, "Қояндар" биін өте жақсы билеп шықты. Балалар ата-аналарымен бірге «Ұлпа қар» ойындарын ойнады.
Ертегі кейіпкерлері мен Аяз ата, Ақшақар алдында балақайлар тақпақтарын айтты. Балалар ата-аналарымен бірге ойындар ойнап, жұмбақтар шешті. Балғындар шыршаны айналып, əн шырқап, би биледі.
Мерекелік ертеңгілік аяқталар сəтте əр бүлдіршінге сыйлықтар таратылды.




