27.12.2022ж. "Қош келдің, Жаңа жыл!" ертеңгілігі
2022 жылдың 27-28 желтоқсан күндері «Айгөлек » бөбекжай-бақшасында «Ботақан» ересек тобында Жаңа жыл мерекесіне орай «Қош келдің , Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға жаттықтыру.
Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.
Іс- шара барысы:
Мерекелік ертеңгілікке Аяз ата мен Ақшақар жəне ертегі кейіпкерлері келіп, бүлдіршіндерді құттықтады. Балабақша меңгерушісі мерекелік шараға жиналған бүлдіршіндерді жəне олардың ата-аналарын келе жатқан Жаңа 2023 жылмен құттықтады.
Атап айтсақ: 27.12.2022ж. «Ботақан» ересек тобының тобының бүлдіршіндері «Аяз ата, кел, кел!» әні, «Шыршаға бардық» әндерін тамаша шырқап, «Аққала» биі, «Жаңа жыл флешмобы» биін биледі. Балалар ата-аналарымен бірге «Сиқырлы қапшық» ойындарын ойнады.