Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум
08
декабрь
2023

«Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум

2023 жылдың 8 желтоқсан   күні  білім бөлімінің  әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру» тақырыбында «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында  аудандық   семинар- практикум өтті.
Семинардың мақсаты- мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойындар арқылы  сыни ойлауын, қимыл, танымдық қабілеттерін арттыру. Семинар-практикумға 35 мектепке дейінгі ұйымдардан тәрбиешілер қатысты.  Семинар барысында «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері Ажимова Ұ. және Быжыбаева Н. ойын түрінде іс-әрекет көрсетіп, балабақша әдіскері Б. Макубаева "Алаңдағы бестемше" ұлттық ойыны бойынша шебер сынып көрсетіп,   іс-тәжірибелерімен бөлісті. Психолог А. Сагинбаева "Көтеріңкі көңіл-күй" атты тренинг өткізіп, бүлдіршіндер өнерлерін көрсетті.