13
февраль
2023
№3 Әдістемелік кеңес отырысы
13.02.2023 ж "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 жылғы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 30.12.2022 жылғы №533 ҚР Оқу -ағарту министрінің бұйрығын жұмыс барысында басшылыққа ала отырып, Балаларды ерте дамыту институтының " Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы меңгеру бойынша мониторинг бойынша енгізілген өзгерістер педагогтердің назарына жеткізілді. Сонымен қатар тәрбиеші Быжыбаева Н. , Балаларды ерте дамыту институтының " Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы ", Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты және оқу жоспарының әдістемелік ұсынымдары, апталық циклограмма, баланың жеке даму картасын толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, педагогтердің сұрақтарына жауаптар берілді.







