Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
февраль
2024

Хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі  әдіскер 0,5 бірлік, дене шынықтыру жетекшісі 0,5 бірлік  жүктеме (жалпы -1 бірлік, уақытша декреттегі әдіскердің  орнына)  лауазымына конкурс жариялайды!
 Орналасқан жері:  Байзақ ауданы, Абай ауылы, Жамбыл  көшесі № 4.
 Электрондық поштасы:  baizak.aigolek@yandex.kz
 Пошталық индексі: 080102
 Анықтама үшін телефон: 8(726 37) 31-6-31.
 Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі 
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (15.08.2023 №259 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
 Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру «Enbek.kz» сайтына жарияланады.
 Бос лауазым атауы: әдіскер -0,5 бірлік, дене шынықтыру жетекшісі -0,5 бірлік  жүктеме (жалпы-1 бірлік, уақытша декреттегі әдіскердің орнына).
 Әдіскердің негізгі функционалдық міндеттері: 
     Үлгілік оқу жоспарының, Үлгілік оқу бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдістері туралы білімі, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
1.1.Мектепке дейінгі жылдық жоспар құру және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
1.2.Балалардың дағдыларын дамыту сапасын бақылау;
1.3.Білім беру ұйымы деңгейінде іс-шаралар ұйымдастырады; меншікті ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті білу.
1.4.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білуі керек;
1.5.Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;
1.6. Әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың жұмысын ұйымдастыру;
1.7.Оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар және бағдарламаларды құрастырады.
      Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады.
1.8.Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
1.9. Жаңартылған педагогикалық тәжірибелерді анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
1.10.Оқу әдістемелік құралдармен, ойындармен, ойыншықтармен топтарды жабдықтауды ұйымдастырады.
1.11.Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.
1.12. Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша консультациялар, конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады.
1.13.Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді.
1.14.Тәрбиешілердің, психологтардың, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
1.15. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді.
1.16.Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу бойынша ұсыныстар енгізеді.
Дене шынықтыру жетекшісінің  негізгі функционалдық міндеттері: 
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
      үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетін   жоспарлайды және жүзеге асырады;
      дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;
       денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады; 
      ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
      дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
        ұйымдастырылған іс-әрекетін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді; 
      арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді;
       оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді. 
      Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, жетілдіріп отырады;
 Балабақшада басшыларының белгіленген тиісті іс-құжаттарын жүргізеді;
 Кесте бойынша қатаң түрде медициналық тексеруден өтеді;
       Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
 Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы","Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және өзге де 
нормативтік құқықтық актілерді;           Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығына сәйкес жоғары  және кәсіптік білімін, педагог санатын растайтын құжат,  жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
  Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұданәрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
 10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
 11) Тәжірибесі жоқ кондидаттың бейне презентациясы.(өзін –өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720х480.
 Кондидат болған жағдайда оның біліміне,жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар (біліктілігін арттыру, ғылыми академиялық дәрижелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар,біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. 
 Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
 Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты: 271 254 мың теңге
     Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі: 
 05.02.2024ж-12.02.2024 жыл  аралығында.
     Конкурс 2024жылдың 13 ақпан  күні   өтеді. 
 Байзақ ауданы, Абай ауылы, Жамбыл  көшесі № 4 орналасқан «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында