12
март
2024
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері таныстырылды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ ауданының білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Абдикулова Индира Каримкуловна 2024 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» №83 бұйрығына енгізілетін өзгерістерді талқылау және ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша педагогтерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: педагогтерді аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында аттестаттаудан өтуі, педагогтерды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары, педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі түсіндірілді.



