28.12.2022ж ."Қарлығаш" ортаңғы тобы "Қош келдің, Жаңа жыл!" ертеңгілігі
2022 жылдың 28 желтоқсан күндері «Айгөлек » бөбекжай-бақшасында «Балапан» кіші тобы, «Қарлығаш» ортаңғы топтарында Жаңа жыл мерекесіне орай «Қош келдің , Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгіліктері өткізілді.
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға жаттықтыру.
Іс- шара барысы:
«Шырша» әні, «Шыршаға бардық» әндерін тамаша орындап, «Сайқымазақ» биі, «Испан» биін өте жақсы билеп шықты. Балалар ата-аналарымен бірге «Ұлпа қар» ойындарын ойнады.
Ертегі кейіпкерлері мен Аяз ата, Ақшақар алдында балақайлар тақпақтарын айтты. Балалар ата-аналарымен бірге ойындар ойнап, жұмбақтар шешті. Балғындар шыршаны айналып, əн шырқап, би биледі.
