17
март
2023
"Қош келдің, Әз-Наурыз!" ертеңгілігі
2023 жылдың 17-наурыз күндері «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында наурыз мерекесі аталып өтті.
Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида.
Бұл дәстүрлі шараға «Ботақан» ересек , «Қарлығаш» ортаңғы және «Балапан» кіші тобының тәрбиешілері, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
«Ботақан» ересек тобының кішкентай бүлдіршіндері өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, «Дастархан», «Бозжорға», «Сүгір» биі, «Қарлығаш» ортаңғы тобы «Аққу» биі, «Көбелек» биі және «Тұлпарым» биілерін билеп, «Қасиетті мерекем!», «Құтты болсын Наурыз!» әндерін айтып, ұлттық ойындар арқан тартыс, қол күрестен өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Балабақша меңгерушісі И.К. Абдикулова бүгінгі шараның қонақтарын, ата-аналарды, балабақша ұжымын, кішкентай бүлдіршіндерді ақ тілегін айтып құттықтады. Мерекеге келген ата-аналар дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Шара соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.






