18.03.2021ж. "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты ертеңгілігі
Іс-шараның мақсаты: Наурыз айы қазақ халқында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында балалардың ұлттық киім ашық түсті, түрл-түсті киіммен мерекеге сай киінген. Музыка залында концерттік бағдарлама, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара барысында қазақтың ұлттық салт-дəстүрі «Баланы қырқынан шығару», «Бесікке салу» дəстүрінен үзінді көрсетіліп, қонаққа келген ақ жаулықты әжелердің ақ батасын алған сүйкімді балалар, əрмен қарай қызықты ойындар «Қыз бен жігіт айтысы», «Қыз қуу», «Арқан тартыс» ұлттық ойындарды ойнап, соңында би алаңында «Қазақша би», «Қара жорға» билерін билеп, тамаша көңіл-күймен қазақтың Жаңа жылын қарсы алды.

