24
май
2023
24.05.2023ж. "Қош бол, балабақша!" ертеңгілігі
Мамырдың 24 күні "Ботақан" ересек тобында “Қош бол, балабақша!” атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік балабақша меңгерушісі И.К. Абдикулованың сөзімен ашылды. Аталмыш ертеңгілікке "Ботақан" ересек тобының түлектері қатысты. Түлектер өз өлеңдері мен əндерін, билерін ортаға салды. Бүлдіршіндеріміздің ата-аналары ризашылықтарын білдіріп, естелік ретінде силықтар тарту етті. Бүлдіршіндеріміз балабақша қызметкерлеріне ақ тілектерімен алғыс білдірді. Балабақша тəрбиешілері Р.Умирзакова, Қ. Жолдасова бүлдіршіндерге деген ыстық сезімін білдіріп ақ жол тіледі. Ертеңгілік өте қызықты жəне жақсы деңгейде өтті.














