Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
октябрь
2024

"Күз кереметі " атты көрме

"Айгөлек" бөбекжай-бақшасының "Ботақан" ересек, "Қарлығаш" ортаңғы тобының ата-аналары мен тәрбиеленушілері арасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында  "Еңбегі адал-жас өрен" жобасын жүзеге асыру мақсатында "Күз кереметі" атты көрме ұйымдастырылды. 
Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге табиғи материалдардан қиялдап, ерекше әдемі, ерекше қызықты қолөнер жасады. Табиғи материалдармен жұмыс шығармашылық қиялды қажет етеді. Ата-аналар балаларымен бірге күлкілі ойыншықтар, сүйікті ертегілеріндегі сүйкімді кейіпкерлерін нағыз өнер туындысы деп атауға болатын туындылар жасап әкелді. Ешқандай жұмыс қайталанбайды. Бірнеше бірдей жұмыстар болса да, олардың әрқайсысының өз ерекшелігі бар, әрқайсысы басқаларына ұқсамайды. Балалардың ата-аналарының балабақша өміріне белсенді қатысуы, олардың үйдегі бірлескен шығармашылық қарым-қатынасы, барлық отбасы мүшелерін біріктіреді, бір-біріне жақын адамдар бір-бірін жақсы көретін, түсінетін және бағалайтын отбасында жақсы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді. Баласымен шағармашылық жұмыс жасап, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!