Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Табиғатты сүйеміз" атты күзгі көрме
23
ноябрь
2023

"Табиғатты сүйеміз" атты күзгі көрме

23.11.2023ж «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында қараша айында «Ботақан» ересек тобы тәрбиеленушілері арасында "Табиғатты сүйеміз" атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Бұл шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды балабақшадағы тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді. Ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге табиғи материалдардан қиялдап, ерекше әдемі, ерекше қызықты қолөнер жасады. Табиғи материалдармен жұмыс шығармашылық қиялды қажет етеді. Ата-аналар балаларымен бірге  сүйікті ертегілеріндегі сүйкімді кейіпкерлерін нағыз өнер туындысы деп атауға болатын туындылар жасап әкелді.  Баласымен шағармашылық жұмыс жасап, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!