14
декабрь
2020
06.11.2020ж. "Жомарт күз!" шығармашылық көрмесі
06.11.2020ж. күні "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында Алтын күз мерекесіне орай "Жомарт күз" атты көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты: балаларды кішкентайынан шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани жетілуіне әсер ету. Еңбекке жеткіншектерді жастайынан баулып, оларды еңбекқорлыққа, молшылықтың қадірін білуге, өздігінен еңбектенуге, ата-анаға, үлкендерге көмектесуге үйрету. Сайысқа түскен кішкентай бүлдіршіндер әртүрлі күзгі тақырыптарда шығармашылық жұмыстарын бейімдеді. Мысалы: "Күзгі бейне", "Күз келбеті", "Алтын күз", "Ғажайып күз". т.б. Болат Назерке, Сарсенбек Айару, Сағынтай Айарудың жұмыстары жоғары бағаланып, Республикалық өнер-білім орталығында ұйымдастырылған "Күз келбеті" байқауына жолданып, Болат Назерке ІІ-дәрежелі, Сағынтай Айару - ІІ-дәрежелі, Бұлдыбай Әліби ІІІ-дәрежелі дипломмен маратапатталды. Өнерімен оза шауып, жеңіс тұғырында көрінген жеңімпаздар мен сайысқа белсене қатысқан балалардың барлығына мақтау қағаздары табыс етілді. 







