29
октябрь
2021
"Берекелді Алтын күз! " ертеңгілігі
29.10.2021ж . Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата – бабаларымыз «Жәрмеңке тойын» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір балабақшада осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында «Берекелді Алтын күз! » тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгіліктің мақсаты – балаларға күз мезгілі туралы кең түсінік беру, мерекелік көңіл-күй сыйлау, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, жыл мезгілдерінің ерекшелігін үйрету мен табиғатты қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Өздерінің өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндер балабақшада үйренген білімдерін ата-аналарына көрсетті. Топ тәрбиешісі Умирзакова Р, Жолдасова Қ. балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, күз туралы тақпақтар мен әндерін айтқыза білді.