26
октябрь
2023
"Берекелі - Алтын күз!" ертеңгілігі. "Ботақан" ересек тобы
Табиғаттың әсем сыйы — берекелі күз мезгілі. Осыған орай 26.10.2023ж. күні «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Берекелі- Алтын күз!» ертеңгілігі өтті.
Шара барысында балалар мен тәрбиешілер жұптасып, күз мезгілін дәріптеп, ойындар ойнап, би билеп, ән шырқады. Күзді бейнелейтін сары ала жапырақтардың шара барысында үйлесімді қолданылуы, сахнаның безендірілуі — көрерменнің көңілінен шықты. Тәрбиелік мәні бар шара балаларға қызықты әрі көңілді болды. Көрген жұрт бал тілді балдырғандардың өнеріне сүйсінді. «Алтын күзге» балабақша тәрбиешілері де, балалар да тыңғылықты дайындалған.Ертеңгілік соңында ата-аналар тәрбиешілерге шексіз алғысын білдірді.






