"Сабын көпіршіктер " күні ойын-сауық
14.07.2023ж. "Айгөлек" бөбекжай -бақшасында «Сабын көпіршіктер күні » өткізілді. Іс -шара көңілді жаттығулардан басталды. Балалар сабын көпіршіктерін үрлеп, ең үлкен көпіршік үрлеуге тырысты. Ортаңғы топ балаларынақызықты қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылды. Бұл ойын-сауықтың мақсаты балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Балалардың ептіліктері мен икемділіктерін дамыту, жылдамдық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балаларға көңілді сұрақтар қойылды, мерекеге Сайқымазақ қонаққа келді.