14
июль
2023
"Сабын көпіршіктер " күні ойын-сауық
14.07.2023ж. "Айгөлек" бөбекжай -бақшасында «Сабын көпіршіктер күні » өткізілді.
Іс -шара көңілді жаттығулардан басталды. Балалар сабын көпіршіктерін үрлеп, ең үлкен көпіршік үрлеуге тырысты.
Ортаңғы топ балаларынақызықты қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылды. Бұл ойын-сауықтың мақсаты балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Балалардың ептіліктері мен икемділіктерін дамыту, жылдамдық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балаларға көңілді сұрақтар қойылды, мерекеге Сайқымазақ қонаққа келді. Сайқымазақ балалармен бірге «Су тасимыз», «Өткелден өт», «Шарды жина» сияқты көңілді ойындар ойнады. Мереке соңында балалар сабын көпіршіктерін үрлеп, таза ауада музыка әуеніне би биледі. Мереке өте көңілді өтті. Балалар да, тәрбиешілер де мерекелік ойын-сауықтан ерекше әсер алып, қуанышты көңіл-күймен тарқасты.