Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2025 года
"Қош бол, балабақша!" атты ертеңгілік
29
май
2025
"Қош бол, балабақша!" атты ертеңгілік
2025 жылдың 29 мамырында "Айгөлек" балабақшасының түлектеріне арналған "Қош бол, балабақша!" атты ертеңгілік өтті. Бүлдіршіндер мерекеге арналған әндерін айтып, өлеңдерін оқып, би билеп, балабақшада үйренген өз өнерлерін ортаға паш етті. Ертеңгілікке барлық тәрбиеленушілер белсене қатысты. Балалықтың бал шағын өткізген балабақшамен бүлдіршіндер қимай қоштасты. Сәт сапар, Балақай!                   www.instagram.com/p/DKPO4HnBx4y/?igsh=cnBzNXEzcHY3aG54
"Әкем, шешем және мен - біз спорт сүйер отбасымыз!" атты  эстафеталық сайыс
16
май
2025
"Әкем, шешем және мен - біз спорт сүйер отбасымыз!" атты  эстафеталық
15 мамыр -Халықаралық отбасы күніне орай "Әкем, шешем және мен - біз спорт сүйер отбасымыз!" атты  эстафеталық сайыс өткізілді. Мақсаты:  Отбасының балалармен ара-қатынасын нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл күй сыйлау. Сайыс барысында отбасылар ұлттық құндылықтарды, салауатты өмір салтын және шығармашылық қабілеттерін ұштастыра отырып, белсенділік пен ұйымшылдық танытты. Нәтижесінде 1-орын «Алғыр тобы »  Жансақаловтар отбасы,  ІІ-орынды «Барыс» тобы Ануарбековтар
"Анаға құрмет" атты аналармен кездесу
15
май
2025
"Анаға құрмет" атты аналармен кездесу
15 мамыр -Халықаралық отбасы күніне орай "Айгөлек" бөбекжай- бақшасында "Аналарға құрмет" атты "Алтын алқа" , "Күміс алқа" аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс- шара барысында  психолог А.Сагинбаева ата- аналармен ""Отбасы-бақыт мекені" атты тренинг өткізіп, ата - аналарға алғыс хатпен сыйлықтар табысталды.    Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды   дәріптеу , балаларға мейіріммен бірліктің маңызын ұғындыру.
"Отбасы - бақыт мекені " атты  челлендж
15
май
2025
"Отбасы - бақыт мекені " атты челлендж
15 мамыр -Халықаралық отбасы күніне орай "Ботақан" ересек, "Қарлығаш" ортаңғы  тобының тәрбиеленушілерінің ата-аналары "Отбасы - бақыт мекені " атты   жүрек жылуына толы челендж ұйымдастырды. Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды   дәріптеу , бала тәрбиесіндегі ата-ананың белсенділігін арттыру және олардың тәрбиедегі рөлін терең түсіндіру.
"Қолдан жасаймыз" LEGO -мен бірге шығармашылық күні
14
май
2025
"Қолдан жасаймыз" LEGO -мен бірге шығармашылық күні
14.05.2025ж. "Айгөлек" бөбекжай -бақшасында "Қолдан жасаймыз" LEGO -мен бірге  шығармашылық күнінде ата-аналарға ашық есік күні өткізілді.  Мақсаты: ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың көркемдік -шығармашылық іс-әрекетін дамыту туралы түсінік беру.  Психолог А. Сагинбаева
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру!
08
май
2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру! Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі. Іс-шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау және жұртшылықтан кері байланыс алу үшін өткізіледі.  Жария талқылаулардың нәтижелері масс-медиада және әлеуметтік желілерде жарияланады. Талқылауды өткізу мерзімі: 9 маусым 2025 жыл. Талқылауды өткізу