16
май
2025
"Әкем, шешем және мен - біз спорт сүйер отбасымыз!" атты эстафеталық сайыс
15 мамыр -Халықаралық отбасы күніне орай "Әкем, шешем және мен - біз спорт сүйер отбасымыз!" атты эстафеталық сайыс өткізілді. Мақсаты: Отбасының балалармен ара-қатынасын нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл күй сыйлау.
Сайыс барысында отбасылар ұлттық құндылықтарды, салауатты өмір салтын және шығармашылық қабілеттерін ұштастыра отырып, белсенділік пен ұйымшылдық танытты. Нәтижесінде 1-орын «Алғыр тобы » Жансақаловтар отбасы,
ІІ-орынды «Барыс» тобы Ануарбековтар отбасы,
ІІІ-орынды «Қыран» тобы Болатовтар отбасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.







