Ертөстік
Телефоны приемной:
8(726)3731544
+77779465053
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты спорттық іс-шара
25
ноябрь
2022

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты спорттық іс-шара

23.11.22ж "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында   "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  "Ботақан" ересек тобының балалары арасында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты спорттық эстафеталық жарыс  өткізілді. Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету. Балалардың ынталы іскерлігін арттыру.
        Эстафеталық жарыс барысында «Әнұран» орындалып, содан кейін «Тұлпар» мен «Сұңқар» тобы «Кім жылдам?», «Мәреге тез жет!», «Қаппен секіру», «Жүйрік ат!», «Асықты тез жина!», «Арқан тартыс » ұлттық ойындарын ойнап жарысты. Қауіпсіздік шаралары сақталды. Шынықтыру шаралары балалардың  өсуіне қолайлы жағдайлар жасалған. Берілген тапсырмалар, қимылды ойындар балалардың жас  ерекшелігіне сай тимді жүргізілді.
        Қорытынды нәтиже бойынша «Тұлпар» тобы І-орын,  «Сұңқар» тобы ІІ-орын иеленді. 

 Жарыс  соңында   әділқазылар  алқасы  жеңіске   жеткен  топты  марапаттап, мақтау  қағазын   табыс  етті.
  Жетекші   барлық  жарысқа  қатысушыларға   денсаулық  тілеп,  дәрумендер   таратты.