Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
сентябрь
2025

Хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі  тәрбиешінің орнын алмастырушы  0,5 бірлік жүктеме (тұрақты)  лауазымына конкурс жариялайды!
 Орналасқан жері:  Байзақ ауданы, Абай ауылы, Жамбыл  көшесі № 4.
 Электрондық поштасы:  baizak.aigolek@yandex.kz
 Пошталық индексі: 080102
 Анықтама үшін телефон: 8(726 37) 31-6-31.
 Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі 
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (31.03.2025 №96 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
 Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру «Enbek.kz» сайтына жарияланады.
 Бос лауазым атауы: тәрбиешінің орнын алмастырушы-0,5 бірлік жүктеме (тұрақты).
Міндеттері: Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, жас тобын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады.
Режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады.   
Балаларм
ен жұмыс жүргізгенде тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады. 
Талаптар: Топтағы әр баланың денсаулық жағдайына және оның нығаюына бақылау жасайды, МДҰ медицина қызметкерлерімен бірлесіп, балалардың денсаулығын нығайтуға, психофизикалық дамуына ықпал ететін кешенді іс-шараларды үнемі жүргізеді, ерте жастағы балаларға гигиеналық күтімді жүзеге асырады.
Белгіленген күн тәртібінің орындалуын қатаң түрде қамтамасыз етеді.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру ‘’hr-nobd.edu.kz’’ сайтына жарияланды.
Конкурсқа ниет білдірген тұлға қабылдау мерзімінде ‘’hr-nobd.edu.kz’’ сайтына тіркеліп,қажетті құжаттарды сканерлеп жүктеп және қағаз түрінде жеке ісін толтырып өткізеді.
Бос лауазым атауы: тәрбиешінің орнын алмастырушы - 0,5 бірлік (тұрақты).
Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты: 130 000 (жүз отыз мың теңгеден басталады)
Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі:
26.09.2025ж-03 .10.2025 жыл аралығында.