18
март
2024
«Армысың, Әз Наурыз!» атты ертеңгілігі. "Ботақан" ересек тобы
18.03.2024ж. "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Армысың, Әз Наурыз!» атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты тәрбиелеу, салт-дәстүрді насихаттау, Наурыз мейрамы туралы білім, рухани-адамгершілік тәрбие беру. "Ботақан" ересек тобында балалар Наурыз мейрамының салт-дәстүрлерімен танысты. Балаларды ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыруға арналған ойындар ұйымдастырылды. Балалар наурыз мерекесіне арнап ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, сахналық көріністер қойды. Өткізілген іс-шаралар ұлттық мәдениеттің ынтымақтастығына, отансүйгіштік сезімін оятуға ықпал етті. Барлық қатысушылар жағымды эмоцияларға ие болды.














