Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Біз мектепке барамыз!" атты ертеңгілігі
23
май
2024
"Біз мектепке барамыз!" атты ертеңгілігі
23.05.2024ж. “Айгөлек” бөбекжай - бақшасының “Ботақан” ересек тобында “Біз мектепке барамыз” атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте бүлдіршіндер әндерін айтып, өнерлерін ортаға салды.Ата-аналар сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді. Мереке соңында бүлдіршіндер далада мерекелік шарларын ұшырып, қимастықпен қоштасты. Балалықты бақшада қалдырып үлкен мектеп есігін ашты. Келешекке қадам басқан ертеңгі еліміздің  бүлдіршіндерін жақсы  ізгі тілектермен шығарып салдық. Тәрбиешілері: А.Жақсыбаева ,
“Біз біргеміз, біз бірдейміз”!  атты мерекелік іс-шара
02
май
2024
“Біз біргеміз, біз бірдейміз”! атты мерекелік іс-шара
“Айгөлек” бөбекжай - бақшасында  1-Мамыр  Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Біз біргеміз, біз -бірдейміз!» тақырыбында “Ботақан” ересек  тобының тәрбиешісі Жақсыбаева Айнұрдың ұйымдастыруымен ертеңгілік өткізілді.  Мақсаты: Балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу. 
"Салт -дәстүрді сақтайық! " атты мерекелік іс-шара. "Қарлығаш" ортаңғы тобы
19
март
2024
"Салт -дәстүрді сақтайық! " атты мерекелік іс-шара. "Қарлығаш"
19.03.2024ж. "Қарлығаш" ортаңғы тобында Наурыз мерекесі аталып өтті.  Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Тәрбиешілері: Жаманбалаева З., Ажимова Ұ.
«Армысың, Әз Наурыз!» атты ертеңгілігі.  "Ботақан" ересек тобы
18
март
2024
«Армысың, Әз Наурыз!» атты ертеңгілігі. "Ботақан" ересек тобы
18.03.2024ж. "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне орай  «Армысың, Әз Наурыз!» атты  ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты тәрбиелеу, салт-дәстүрді насихаттау, Наурыз мейрамы туралы білім, рухани-адамгершілік тәрбие беру. "Ботақан"  ересек тобында балалар Наурыз мейрамының салт-дәстүрлерімен танысты. Балаларды ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыруға арналған ойындар ұйымдастырылды.  Балалар наурыз мерекесіне арнап ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап,  сахналық
"Аналар - асыл жандар!" атты ертеңгілік. "Ботақан" ересек тобы
07
март
2024
"Аналар - асыл жандар!" атты ертеңгілік. "Ботақан" ересек тобы
07.03.2024ж. "Ботақан" "ересек тобында "Аналар-асыл жандар!" атты ертеңгілігі өткізілді. Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру; ән айту және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Тәрбиешілері: Скакова Л, Жақсыбаева А.
"Аналар - асыл жандар!" атты ертеңгілігі. "Қарлығаш" ортаңғы тобы
06
март
2024
"Аналар - асыл жандар!" атты ертеңгілігі. "Қарлығаш" ортаңғы тобы
06.03.2024ж. "Қарлығаш" ортаңғы тобында 8-Наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай  "Аналар-асыл жандар!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.  Мақсаты: 1) 8 наурыз – Халықаралық аналар мерекесін атап өту; 2) Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету; 3) Ізгілік, инабаттылық, өзін – өзі көпшілік ортада ұстау сияқты жақсы қасиеттерді балалардың бойына сіңіру, тәртіпті болуға тәрбиелеу.  Тәрбиешілері: Жаманбалаева З., Ажимова Ұ. 
"Мақал -сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы" атты мерекелік іс-шара
07
февраль
2024
"Мақал -сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы" атты мерекелік іс-шара
07.02.2024ж "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру мақсатында "Балалар кітапханасы жобасын  іске асыру шеңберінде  «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды білуге арналған "Ботақан" ересек тобының тәрбиешісі А. Жақсыбаеваның ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді. 
"Қоян мен Түлкі ертегісі" сахналық қойылым
17
январь
2024
"Қоян мен Түлкі ертегісі" сахналық қойылым
17.01. 2024 ж. "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында "Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру" жөніндегі жоспарға сәйкес  "Ботақан" ересек тобында "Қоян мен Түлкі ертегісі"  атты қойылымы өткізілді. Қойылымның мақсаты: Балаларға ертегіні суреттеп, сахналап қоюды үйрету. Мән-мағынасын ашу, халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көзқарастарын білдіруге үйрету. балалардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру. Қойылым барысында балалар
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілігі
28
декабрь
2023
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілігі
28.12.2023ж. "Ботақан" ересек тобында "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілік өткізілді. Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл  қайталанбас таңғажайып мереке.  Мерекеге Аяз-атамен Ақшақар , Аққала,  Қоян, Микки маус қонаққа келіп балалармен бірге көңілді кеш өткізді. Балалар мерекеде жаңа жылдық  костюмдерін киіп өнерлерін өрнектеп ортаға салды. Олар тақпақтар жаттап ән де шырқады, биде биледі.Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілігі
27
декабрь
2023
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілігі
27.12.2023ж. "Қарлығаш" ортаңғы  , "Балапан" кіші топтарында "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.