29
октябрь
2025
"Бала эмоциясын түсініп қолдау жолдары" атты ата-аналарға кеңес
Консультациялық пункт жоспарына сәйкес "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында психолог А. Сагинбаева "Бала эмоциясын түсініп қолдау жолдары" атты ата -аналарға кеңес беріп, "Өзін- өзі тану және қарым-қатынас жаттығуларын " жүргізді. Мақсаты: Ата-аналардың бала эмоциясын тану және оны дұрыс бағыттауға көмектесу дағдаларын қалыптастыру. Отбасында жылы психологиялық ахуал орнатудың маңызын түсіндірді.





