Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2024 года
20-Наурыз "Ұлттық спорт күні"
20
март
2024
20-Наурыз "Ұлттық спорт күні"
20-Наурыз күні "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында Ұлттық спорт күні ұйымдастырылды.  Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана - сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді.
"Салт -дәстүрді сақтайық! " атты мерекелік іс-шара. "Қарлығаш" ортаңғы тобы
19
март
2024
"Салт -дәстүрді сақтайық! " атты мерекелік іс-шара. "Қарлығаш"
19.03.2024ж. "Қарлығаш" ортаңғы тобында Наурыз мерекесі аталып өтті.  Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Тәрбиешілері: Жаманбалаева З., Ажимова Ұ.
19-Наурыз "Жаңару күні"
19
март
2024
19-Наурыз "Жаңару күні"
19 Наурыз -Жаңару күні.  "Жаңару күні" барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.
18-Наурыз "Ұлттық киім күні  "
18
март
2024
18-Наурыз "Ұлттық киім күні "
18.03.2024ж. "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында "Ұлттық киім күні" ұйымдастырылды.  Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені балалардың бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
«Армысың, Әз Наурыз!» атты ертеңгілігі.  "Ботақан" ересек тобы
18
март
2024
«Армысың, Әз Наурыз!» атты ертеңгілігі. "Ботақан" ересек тобы
18.03.2024ж. "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне орай  «Армысың, Әз Наурыз!» атты  ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты тәрбиелеу, салт-дәстүрді насихаттау, Наурыз мейрамы туралы білім, рухани-адамгершілік тәрбие беру. "Ботақан"  ересек тобында балалар Наурыз мейрамының салт-дәстүрлерімен танысты. Балаларды ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыруға арналған ойындар ұйымдастырылды.  Балалар наурыз мерекесіне арнап ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап,  сахналық
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері таныстырылды
12
март
2024
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері таныстырылды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ ауданының білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Абдикулова Индира Каримкуловна 2024 жылдың 12 наурызында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу
"Аналар - асыл жандар!" атты ертеңгілік. "Ботақан" ересек тобы
07
март
2024
"Аналар - асыл жандар!" атты ертеңгілік. "Ботақан" ересек тобы
07.03.2024ж. "Ботақан" "ересек тобында "Аналар-асыл жандар!" атты ертеңгілігі өткізілді. Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру; ән айту және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Тәрбиешілері: Скакова Л, Жақсыбаева А.
"Аналар - асыл жандар!" атты ертеңгілігі. "Қарлығаш" ортаңғы тобы
06
март
2024
"Аналар - асыл жандар!" атты ертеңгілігі. "Қарлығаш" ортаңғы тобы
06.03.2024ж. "Қарлығаш" ортаңғы тобында 8-Наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай  "Аналар-асыл жандар!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.  Мақсаты: 1) 8 наурыз – Халықаралық аналар мерекесін атап өту; 2) Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету; 3) Ізгілік, инабаттылық, өзін – өзі көпшілік ортада ұстау сияқты жақсы қасиеттерді балалардың бойына сіңіру, тәртіпті болуға тәрбиелеу.  Тәрбиешілері: Жаманбалаева З., Ажимова Ұ.