25
октябрь
2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры!» атты қолөнер байқауы
"Айгөлек" бөбекжай-бақшасында қазан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры!» атты қолөнер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: "Мектепке дейінгі мекеменің педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін көтеру. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізге деген қызығушылығын, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін арттыру. Қолөнердің бірі түрлі ою-өрнек туралы мағлұмат беру, шығу тарихын, мағынасын, қолданылу туралы әңгімелесу, шеберлікке, әдемілікке, өнерге, ою-өрнектерімізді құрметтеуге баулу. Педагогтердың өз мамандығына деген, еңбекке деген құлшынысын арттыру, шығармашылық жұмысына қолдау көрсету. 




