15
декабрь
2025
«Тәуелсіздік – Мәңгілік Елдің тұғыры» атты тәрбиелік іс-шара
«Тәуелсіздік – Мәңгілік Елдің тұғыры» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерімен таныстыру, ұлттық рух пен елжандылыққа тәрбиелеу.
Аталған шара Қарлығаш ортаңғы және Ботақан ересек топтарының тәрбиеленушілері арасында өтті. Балалар тақпақтар оқып, ән шырқап, тәуелсіз еліміздің рәміздері мен тарихы туралы танымдарын кеңейтті. Шара барысында балалардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды.
Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес байлығы, ал оны қадірлеу – әрбір азаматтың парызы





