Ертөстік
Телефоны приемной:
8(726)3731544
+77779465053
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 -Мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай "Ұланымыз ұлы елдің" атты ашық тәрбие сағаты
12
май
2021

9 -Мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай "Ұланымыз ұлы елдің" атты ашық тәрбие сағаты

           9-Мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай балабақшамызда "Ұланымыз Ұлы елдің" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. 
           Мақсаты:Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, жауынгерлер жайлы, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беріп, балалардың тіл байлықтарын, ойлау,  мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру; Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; патриотизмге, елжандылыққа, батылдыққа баулу.

       Іс -шара барысында  балалар Кеңес Одағының батырларымен танысып, олардың ерліктері мен еңбектеріне тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялап, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар мерекеде жеңіс күніне арналған тақпақтар, әндер айтылды. Оқу іс-әрекет соңында балалар «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындады.