03
февраль
2023
Ашық есік күні "Қыс қызығы" атты ойын іс-әрекеті
03.02.2023ж. "Балапан" кіші тобында ашық есік күнінде "Қыс қызығы" атты ойын іс-әрекеті көрсетілді. Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, қыз мезгілінің ерекшелігін аңғара білуге үйрету. Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілдерін, сөздік қорын дамыту. Дәстүрлі емес тәсілдер арқылы балалардың саусақ моторикасын дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге сезінуге тәрбиелеу. Ойын іс-әрекеті барысында балалар топқа бөлініп, "Аққала" құрастыру, "Түрлі- түсті қолғаптардың сыңарын тап" ойыны, "Түрлі -түсті қолғаптарды әсемдеу" ойыны , "Ақақаланың суретін дәстүрден тыс тәсілдер арқылы жапсыру" әдістерін меңгерді. Ойын іс-әрекет соңында қардың, мұздың еруіне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде балалар қыс мезгілі ерекшеліктері туралы толық мағлұмат алды. Тәрбиешілері Жаманбалаева З. Ажимова Ұ.


















