22
январь
2026
"Біз экологпыз" атты танымдық- эксперименталдық тәжірибелік іс- әрекет
«Қамқор» жобасы аясында балабақшамызда «Біз экологпыз» тақырыбында танымдық-эксперименталдық зерттеу іс-әрекеті ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі тәжірибелер жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Балалар судың қасиеттерін бақылап, өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайларды тәжірибе арқылы анықтады.
Зерттеу жұмыстары арқылы бүлдіршіндердің танымдық қызығушылығы артып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімі қалыптасты. Табиғатты сүю – әрқайсымыздың міндетіміз екенін түсінді.






