14
январь
2026
"Менің болашақ мамандығым" атты әкелермен кездесу
14.01.2026ж. Әкелер мектебінің жылдық жоспарына сәйкес "Менің болашақ мамандығым" тақырыбында әкелермен кездесу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында әкелер өз мамандықтары туралы әңгімелеп, балаларға еңбек пен мамандықтың маңыздылығын түсіндірді. Балалар өз армандарындағы болашақ мамандықтарын қиялмен бейнелеп, сурет салу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетті
Кездесу бала мен әке арасындағы байланысты нығайтып, балалардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, еңбекке құрметпен қарауға бағытталды. Болашаққа сеніммен қадам басатын ұрпақ тәрбиелеу – ортақ міндет!



