09
март
2022
5.03.2022ж. "Жан анашым" атты ертеңгілік
"Қарлығаш" ортаңғы тобының 8-Наурыз аналар мерекесiне арналған ертеңгiлiгi.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Мерекелік іс-шарада балалар аналарына, әжелеріне, тәрбиешілеріне арналған жылы лебіздерін тақпақтар арқылы жеткізді. «Қартаймашы Анашым!», «Апатайым анашым!» әндерін керемет айтты. «Аппақ гүлдер!», «Жігіттер», «Миллион қыздар-ай» биін билеп, тамаша өнер көрсетті. Тәрбиешілер: Умирзакова Р. Жолдасова Қ.