01
июнь
2023
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
"Айгөлек" бөбекжай-бақшасында 1-Маусым Балаларды қорғау күніне орай "Бақытты балалық шақ!" атты мерекесі аталып өтті.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың санасына «1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» балаларды қорғау күнінің маңыздылығын сіңіру. Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір – бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Балабақшадағы өнерлі бүлдіршіндер шарада өз өнерлерін көрсетіп, түрлі спорттық қызықты ойындар ұйымдастырылды.






