04
февраль
2026
"Бөбекжай-бақшасындағы бір күнім" атты ашық есік күні
Консультациялық пункт жоспарына сәйкес балабақшамызда ата-аналармен «Бөбекжай-бақшасындағы бір күнім» атты ашық есік күні өткізілді. Іс-шара барысында ата-аналар балаларының бір күндік тыныс-тіршілігімен танысып, ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне, ойын сәттеріне және тәрбиелік жұмыстарға қатысты. Мамандар тарапынан кеңестер беріліп, бала дамуының ерекшеліктері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ашық есік күні ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өзара сенім мен қолдауды арттыруға мүмкіндік берді. Психолог А. Сагинбаева



