10
январь
2026
"Қыс қызығы" атты іс-шара
Консультациялық пункт жоспарына сәйкес балабақшада мектепке дейінгі ұйымға қамтылмаған балалардың ата-аналарымен бірлесіп «Қыс қызығы» атты ауладағы іс-шара өткізілді ❄️⛄
Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар қыс мезгіліне арналған қимылды ойындарға қатысып, таза ауада сергіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл кездесу ата-аналармен байланысты нығайтып, балалардың денсаулығын нығайтуға, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға бағытталды. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен ата-аналардың белсенді қатысуы іс-шараның мазмұнды әрі қызықты өткенін көрсетті. Психолог А. Сагинбаева


