Ертөстік
Телефоны приемной:
8(726)3731544
+77779465053
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 5. 03.2022ж. "Әжелер отбасының берекесі" атты байқауы
09
март
2022

5. 03.2022ж. "Әжелер отбасының берекесі" атты байқауы

5.03.2022ж. "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында 8-Наурыз Халықаралық аналар мерекесiне орай: Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді насихаттау мақсатында "Әжелер отбасының берекесi" атты байқау өткiзiлдi.
Қатысушылар өздерін таныстырып болған соң, өз  өнерлерін  көрсетті. Шариакул  әжеміз немересімен  «Әжеменің ақ батасы » көрінісін көрсетті. Ал,  Махаббат  әжей мен Гүлсара әже «Қамажай», "Қаражорға" биін билесе, Гүлбәдан әже Н. Тілендиевтің "Анаға сәлем" әнін тамаша шырқады.  Гулзира әже «Ана туралы » әнін  нақышына келтіріп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ал немересі Нұрислам  жеті атасын жатқа айтып берді.
Соңғы кезеңде әжелеріміз үйден дайындап әкелген ұлттық тағамдарының жасалу жоларымен таныстырып, жасалу жолдарын  көрермендерге  айтып берді. Соңында әділқазылар сөз алып  ұйымдастырушыларға, қатысушыларға ризалықтарын білдіріп,  мадақтама мен сыйлықтар табыстады. Жас ерекшеліктеріне қарамай, өткізіліп жатқан мерекелік іс-шараға қатысып, өз өнерлерін паш еткен әжелерімізге  бас иеміз.