Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ашық есік күні: "Түрлі-түсті асықтар" атты ойын іс-әрекеті
03
февраль
2023

Ашық есік күні: "Түрлі-түсті асықтар" атты ойын іс-әрекеті




01.02.2023ж. "Қарлығаш" ортаңғы тобы "Түрлі-түсті асықтар" атты  ойын іс-әрекетін ашық есік күнінде көрсетті.  Мақсаты: Балаларға ұлтымыздың құндылықарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының асық ойынының ойнау тәртібін, ерекшеліктерін білу.Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілік ке, жеңіске деген құштарлығын ояту.
Асық ату – көшпелі халықтардың, әсіресе, қазақ ұлтының ежелгі кезден келе жатқан ойыны. Біріншіден, ол бір-бірімен сыйласуға, ұйымшылдыққа, тәртіпке үйретсе, екіншіден көз мергендігіне, қол ептілігіне баулиды. Асық ойыны – балалар үшін ең қажет ойын.
Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын оятып, «қатарымнан озсам» деген талпынысқа шақырады. Тәрбиеші Быжыбаева Наркес.