Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Әжелер ертегілеріне саяхат" атты танымдық сағаты
19
декабрь
2024

"Әжелер ертегілеріне саяхат" атты танымдық сағаты

Білім бөлімінің  әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Абай  ауылы, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне  арналған «Әжемнің ертегілеріне саяхат» тақырыбында  танымдық  сағаты өткізілді.  Мақсаты: Әжелер ертегісі арқылы баланың қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, мейірімділікке, адамгершілік, елжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шараға ауыл әкімі Ж.Шайхиев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ш.Қапарова, білім бөлімінің әдіскері  Б.Алимбекова, Әжелер тобы, мектепке дейінгі ұйымдардан 25 тәрбиешілер қатысты.  Танымдық сағатында «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының әдіскері Б.Макубаева  балалармен «Бес асық» ұлттық ойынын көрсетсе,  әжелер ересек топ балаларына «Алтын сақа» ертегісін мәнерлеп  айтып, "Тоқыма, ұршық үйіру өнері -ұлттық мұра"  атты шеберлік сағаттарын көрсетті. Сонымен қатар, Әкелер мектебінен  Руслан Ануарбекұлы  балаларға ат әбзелдері, қамшы өруді үйретті.  Іс-шараға қатысушылар  алған әсерлерімен бөлісіп, әжелер тобына  алғыс айтты. Өткізілген  іс-шараны Тараз 24 телеарнасы  түсірілім жасады. #Біртұтас_тәрбие_Жамбыл