Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" атты іс-шара
13
ноябрь
2025

"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" атты іс-шара

"Айгөлек" бөбекжай-бақшасында "Әкелер мектебімен" бірлесе отырып тамаша тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – ата-бабадан қалған ұлттық мұрамызды дәріптеу, балаларға қазақтың төл ойындарын таныстырып, қызығушылығын арттыру болды. Әкелер мен бүлдіршіндер бірге: «Бес кеней» ұлттық ойынын  «Ханталпай», «Асық ату» ойындарын ойнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал тәрбиешілер өз кезегінде: «Бестемше» ұлттық ойынын көрсетті. Бұл шара балалардың ептілігін, шапшаңдығын, ұлттық рухын тәрбиелеуге бағытталған өте әсерлі кездесу болды. Ұлттық дәстүрді ұлықтап, ұрпаққа аманат етіп жеткізуде белсенділік танытқан барлық әкелерге үлкен алғыс!