Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
8(726)3731631
+77059770895
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2026

Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іргелілету аясында «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» акциясы өтті

Балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта «Заң мен тәртіп» идеологиясын іргелілету аясында балабақшамызда «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» акциясы ұйымдастырылды.

Акция барысында тәрбиеленушілерге өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, қауіпсіздік шаралары бойынша танымдық әңгімелер, көрнекіліктермен жұмыс және тәжірибелік жаттығулар өткізілді. Балаларға төтенше жағдай кезінде өзін ұстау мәдениеті, үлкендерді шақыру, қауіпті жағдайдан алшақ болу жолдары үйретілді.

Шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қауіпсіздік – ортақ міндет!