29
октябрь
2021
"Ботақан" ересек тобының "Берекелді, Алтын күз!" ертеңгілігі
29.10.2021ж. «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының «Ботақан» ересектер тобы да «Берекелді, Алтын күз!» атты тақырыпта ертеңгілік өткізді. Топ тәрбиешілері З. Жаманбалаева, Ұ. Ажимова мен музыка жетекшісі М. Белгібаевтың бастамашылығымен тәрбиеленушілер жақсы атсалысып, өздерін жаңа қырларынан көрсете білді. Балалар неше түрлі жемістер секілді киініп, жұмбақтар шешті. Балалар дөңгелене айнала, күз туралы ән айтты, көңілді ойындар ойнады, би биледі және күздің келуін тағатсыздана күтті. Балабақшадағы мереке – бұл әрқашан сыңғырлаған балалар күлкісі, шаттық пен көңілді сәт. Іс-шара жарқын, көңілді, қызықты өтті.












