25
ноябрь
2025
«Мейірім сыйла» атты мейірімділік акциясы
"Айгөлек» бөбекжай-бақшасында Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында психолог А. Сагинбаева «Мейірім сыйла» атты мейірімділік акциясы ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – балалардың бойына адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік сияқты құндылықтарды дарыту, жақсы істер жасауға баулу.
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, «Мейірімділік ағашына» жүрекше-тілектерін іліп, игі істер арқылы жақсы көңіл күй сыйлады. Тәрбиешілер мен ата-аналар да бастаманы қолдап, акцияның маңызын арттырды.
Мейірімділік – ізгіліктің бастауы. Осындай шаралар арқылы бала жүрегіне жылулық ұялатып, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу жалғасын таба береді.


